30.09.2025 жыл Астана қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасы Білім басқармасымен бірлесе отырып, Астана қаласының прокуроры Үтегенов Ерлан Рахымжановичтің бастамасымен қолға алынған нашақорлықтың алдын алуға арналған 30 күндік іс-шаралар жоспары аясында түрлі тәрбиелік іс-шаралар өткізілуде.

0

Соның бірі – бүгін мектебімізде ұйымдастырылған іс-шара. Жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілі Кусаинова Айгуль Мендибаевна оқушыларға дәріс өткізді.  Іс-шараның мақсаты –жасөспірімдерге есірткі заттарын қолданудың зияны туралы кеңінен ақпарат беру, олардың бойында құқықтық және психологиялық сауаттылықты қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру.

Бұл дәріс – нашақорлықтың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады және аталған мәселенің қоғамдағы өзектілігін ескере отырып, осындай шаралардың маңызы зор.

Добавить комментарий